Қуанышбек шетелдік шейхсымақтардың шалдыр – шатпағын жариялаймын деп істі болғандардың бірі. Діни сауаты жоқ. Сөйтетұра ұлтаралық, дінаралық алауыздықты қоздыруға бағытталған материалдарды әлеуметтік желідегі парақшасында сақтап, таратыпты. Қатаң режимдегі колонияда 3 жыл 3 айын өткізген ол, қазір Пробация қызметінің бақылауында.