Пайғамбарларға иман келтіру

Пайғамбарларға иман келтіру иман негіздерінің бірі болып табылады. Шариғатта елші және пайғамбар деген ұғымдар бар. Елші (Расул) – Алла тарапынан адамдарға жіберіліп, уахи арқылы жаңа шариғатты адамдарға жеткізуге бұйырылған. Ал Пайғамбар (Нәби) – Алла тарапынан уахи етілген, бірақ ол жаңа шариғатты адамдарға жеткізуге бұйырылмаған. Адамдарға бұрынғы шариғатты жеткізу міндеттелген. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деді: آَمَنَ الرَّسُولُ بِمَا أُنْزِلَ إِلَيْهِ مِنْ رَبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ آَمَنَ بِاللَّهِ وَمَلَائِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ أَحَدٍ مِنْ رُسُلِهِ «Пайғамбар өзіне Раббы тарапынан түсіргенге иман келтірді. Мүміндер де барлығы: Аллаға періштелерге, кітаптарға және пайғамбарларға иман келтірді (Бақара, 185) --------------------------------------------------------------------------------------------------------
Back to Top