БЫЛТЫРҒЫ ОРАЗАНЫҢ ҚАЗАСЫН ҚАЛАЙ ӨТЕЙМІЗ?
Айша анамыз (р.а): «Менің мойнымда Рамазанның өтелмеген оразасы болатын. Мен оны Алла Елшісінен ﷺ босамауым себепті шағбанда ғана өтеуге мүмкіндік табатынмын», - деген. Ибн Хаджар (Алла оны рахымына алсын):
«Бұл хадис қаза оразаны келесі Рамазанға жеткізбей өтеп үлгерудің абзал екендігін көрсетеді», - дейді. (Фатх әл-Бари, Т.4 – С.191)
Демек, Рамазан айынан өтелмей қалған қазасы бар адамдар үшін дәл осы шағбан айы – сол олқылықтардың орнын толтыруға керемет мүмкіндік!
Егер былтырғы Рамазанның қарызын ұстап үлгермеген болсаңыз, осы шағбан айында өтеп үлгеріңіз. Себебі, биылғы оразаның басталуына да бір-ақ ай уақыт қалды.
Оразаның қарызын бірден ұстауға да, арасына күн салып, демалып ұстауға да болады!
#шағбан #ораза #шағбанайы #Рамазан #Рамазан2018