Сиқыр кімдерге әсер етпейді? | Сиқыршының мойындауы
Фалақ және Нас сүрелері сақтандырушы сүрелер деп аталады. Хадистегі деректерге сүйенсек, алдыңғы түскен қасиетті Тәурат, Інжіл, Зәбур кітаптарында бұл сүрелерге тең келетін сүрелер болмаған. Бұл сүрелердің түсу тарихы Пайғамбарымыздың (сас) дұшпандары тарапынан сиқырлануымен байланысты еді. Бұл қара сиқырдың ең жаманы әрі күштісі болған делінеді.
Айша анамыздан (ра) жеткен хабарда Алла Елшісі (сас): «Уа, Айша! Алла менің дұғама не жауап бергенін білесің бе? Екі періште келіп, бірі бас жағыма, бірі аяқ жағыма отырды. Бас жағымдағы періште аяқ жақтағыдан: “Бұл адамға не болды?”, - деп сұрады. Екіншісі: “Ол сиқырланған”, - деді. Біріншісі: “Оны кім сиқырлады?”, - деп сұрады. Екіншісі: “Ләбид ибн Асам – ол иеудейлер мен екіжүзділердің жақтасы болатын бану Зурайк қауымының адамы”, - деді. Біріншісі: “Ненің көмегімен сиқырлады?”, - деп сұрады. Екіншісі: “Тарақ және тарақтағы шашы арқылы”, - деді. Біріншісі: “Ол қай жерде?”, - деп сұрады. Екіншісі: “Зарван деп аталатын құдықтағы тас астында кептірілген құрма қабығында”, - деп жауап береді» - деп айтқаны жеткізіледі (Сахих әл-Бұхари).
Сосын Пайғамбарымыз (сас) сахабаларын жібертіп оны алдыртып тастайды да, сиқырдан айығады. Деректерге сүйенсек құдықтағы шаш 11 рет түйілген болады. Осы оқиғадан кейін сақтандырушы сүрелері түсіріліп, әртүрлі бәле-жаладан сақтану мүмкіндігі пайда болды. Сол себепті болса керек Фалақ және Нас сүрелеріндегі аяттар саны да 11-ға тең. Яғни Фалак сүресінде 5 аят, Нас сүресінде 6 аят. Жалпы сиқыр деген ерте замандардан бастап бар. Қара сиқырмен айналысушылар бұл тыйым салынған ілімді меңгеріп, оны іс-тәжірибеде кең қолданады. Мысалы оккультизм жатады.
Табиғаттағы, адам болмысындағы жасырын және белгісіз күштер мен құбылыстарды пайдаланып, жүзеге асырылатын оккульттық ғылымдардың ортақ атауын оккультизм деп атайды. Оның тармақтары сатанизмде, нумерологияда жатыр. Барлығы тылсым күштер мен сандардың сиқырына жүгінеді, соған имандай сенеді. Мысалы 11, 13, 33 тағы басқа. Оккультизмде әрбір санның өзіндік мағынасы мен міндеті бар. Сондықтан сиқырдан сақтану үшін Фалақ және Нас сүрелерін үнемі оқып жүріңіздер.
Фалақ сүресі: «(Оларға) айт: Таң шапағының Раббысына сақтай көр деп сиынамын [1]. Өзі жаратқан күллі жаратылыстың кесірінен [2], жер бетін қаптаған қараңғы түннің кесірінен [3], түйіншектерге үрлеп, дуалайтын дуашылардың кесірінен [4], сондай-ақ күндеген кездегі күншілдердің кесірінен (сақтай көр деп сиынамын) [5]».
Нас сүресі: «(Оларға) айт: Сақтай көр деп сиынамын адамдардың Раббысына [1], адамдардың Иесіне [2], адамдардың Тәңіріне [3], әзәзіл шайтанның кесірінен [4], адамдардың көкірегіне уәсуәса салатын (әзәзіл шайтанның кесірінен сақтай көр деп сиынамын деп айт) [5], (ондай әзәзіл шайтан) жыннан да, адамдардан да (шығады) [6]».
КІЛТСӨЗДЕР: Қара сиқыр, сиқырлау, дуалау, көз тию, ауру, сиқырды емдеу, дуаны қайтару, құран оқу, дем салу.
#Сиқырлау #Дуалау #КөзТию
47 views
496
144
2 years ago 00:06:03 47
Сиқыр кімдерге әсер етпейді? | Сиқыршының мойындауы