Туған жеріме, ешқандай жер жетпейді❤❤❤ Киелі Қазығұртым❤❤❤
Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол «әулие» болмаса, неге қалған? Жетім бота үстінде жатып қалып, Ойсылқара жануар содан қалған. Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол «әулие» болмаса, неге қалған? Қыршаңқы тай үстінде жатып қалып, Қамбар ата жануар содан қалған. Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол «әулие» болмаса, неге қалған? Тышқақ тана үстінде жатып қалып, Зеңгібаба жануар содан қалған. Қазығұрттың басында кеме қалған, Ол «әулие» болмаса, неге қалған? Қотыр тоқты үстінде жатып қалып, Шопан ата жануар содан қалған. Осындай ырыммен түрлі жануарлардың атын келтіреді екен. Қазығұрттың басында көп «әулие», Мінсең аттай желеді айыр түйе,-
деген мақалдар да бар. Қазығұрттың басы түйенің өркешіне ұқсаған. Оның себебі: басқа таулардың бәрін топан суы басып кеткенде, Қазығұртты су баспаған соң, басқа таулар намыс қылып Қазығұртпен ұрысамыз деп, жиылысып келген екен.
26 views
5703
1891
5 months ago 00:26:47 4
НАЗАРБАЕВТАРДЫҢ ДУБАЙДАҒЫ ҮЙЛЕРІ | ДУБАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН | ЗЕРТТЕУ | VI БӨЛІМ
5 months ago 00:41:19 1
БІРЕГЕЙ. Шерхан Мұртаза
5 months ago 00:01:10 4
«Қажымұқан» трейлер
5 months ago 00:04:25 1
Топыраққала группасына арнау өлең
6 months ago 00:02:10 3
150 КЕЛІЛІК ГИССАР ҚОЙЫН ӨСІРЕТІН КӘСІПКЕР
6 months ago 00:05:26 5
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды
6 months ago 00:13:57 1
«Сен тұрасың, Ербаян». Әскерде комаға түскен жігіттің жағдайы
7 months ago 00:01:46 1
ХХХІІІ Жазғы Олимпиада Ойындары | Құзға өрмелеу | Әмір Маймұратов