Бл сораылы ашан бітеді: Назарбаев монополистерді бетімен жіберген министрлерді шаын аты

#КТКжаңалықтары Бас прокурор Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупаға тура Ақордадағы жиын үстінде айып тақты. Ол жылыту жүйесіне бөлінген миллиондарды жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін жинап, онда күтпеген жерден қымбат тарифтер жайында арнайы жиын өткізді. Монополистерді бетімен жіберген министрлер Елбасының алдында тікесінен тік тұрып жауап берді. Кейбіреулер тіпті сол мезетте орнынан кетуге шақ қалып, қатаң сөгіспен құтылды. #Назарбаев #монополистер
Back to Top