Мемлекетке 27 млн теңге қарызы бар жүргізуші ұсталды
Мемлекетке 27 миллион қарызы бар автомобиль жүргізушісі ұсталды. Полицейлер оны “Борышкер“ жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қолға түсірген. Үш күн ішінде тәртіп сақшылары жалпы сомасы 1 миллиард 223 миллион 170 мың төрт теңге әкімшілік айыппұл бойынша берешегі бар жиырма бір көліктің иелерін анықтаған. Барлық машина арнайы тұраққа қойылып, 2 миллионнан астам қарызы бар тізгіншілерге ескерту жасалды. Сондай-ақ, рейд барысында 1 миллион теңге берешегі бар жол ережесін өрескел бұзған жеңіл көлік иесі ұсталды. Ал бір аптаның ішінде сегіз мәрте жол жүру ережесін пысқырмаған жүргізуші 119 мың теңге айыппұл арқалады.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!
201 view
1
0
1 year ago 00:18:49 1
НАЗАРБАЕВТЫҢ БАЙЛЫҒЫ МЕН БИЛІГІ (рус.субтитры)
2 years ago 00:56:59 1
Ең жас вице-министрдің артында кім тұр? Ауыл шаруашылығындағы миллиардерлер. Шаруалар үшін соғыс.