2500 адам бйрекке мтаж

Елімізде бүйрегін ауыстыруға мұқтаж 2500 адам кезекте тұр. Алайда, қазір белгілі трансплантолог Ғани Құттымұратов адам ағзаларын заңсыз алды деген күдікке ілініп, қамауда отырғасын операцияларды жасау тоқтатылыпты. Бірнеше ауыр айып тағылған дәрігер 2012 жылдан бері өткізілген 1194 отаның 340-на қатысып сәтті аяқтаған. Қазақстанның медициналық бірлестігі күдікке ілінген оны тергеу изоляторынан босатуды сұрап отыр. Себебі, науқастар қиын жағдайға душар болған көрінеді. Қазір Ғани Құттымұратов жайлы не белгілі? Денсаулық сақтау министрлігі неге араласпай отыр? #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Back to Top