Кмелетке толмаан гей ызын зорлаан азамат амауа алынды
Түркістан облысында “кәмелет жасына толмаған қызды зорлады“ деген күдікпен баланың өгей әкесі ұсталды. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Ведомства өкілдерінің сөзінше, жасөспірім 23 желтоқсан күні іші ауырып, ауруханаға барыпты. Тексеру кезінде, оның жүктілігіне жеті ай болғаны анықталған. Ақ халаттылар дереу Түлкібас аудандық полиция бөліміне хабар беріп, ізінше, баланы зорлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген азғын әкесі қазір, уақытша ұстау абақтысына жабылды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр екен. Тергеудің құпиялығына байланысты, өзге ақпарат таратылған жоқ.
🕕 #1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан #Еуразия_бірінші_арнасы #коронавирус #коронавирусвказахстане #вирус #КАРАНТИН #COVID_19 #ЧП #сидидома #изоляция
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!