Адамнан айла артылған ба? Енді, алаяқтар Дубайда отырып алып, ақша істейтін болған. Мәселен, еліміздің бір топ кәсіпкерін шетелдегі азамат арзан бағамен ауыр техника жеткізіп беремін деп алдап, тақырға отырғызып кеткен. Шығын көлемі де аз емес, шамамен 100 млн теңге. Бар жиған-тергенін айлакердің есеп-шотына аударғандар бір жылдан бері әділдік іздеп келеді. Ал, жалған кәсіпкер интернеттегі жарнамасы арқылы жаңа жемтігін іздеп жатыр екен.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан