Фильм жазушы Сәкен Нарымбетовтың осы аттас повестінің желісі бойыншва түсірілген ретро- драма. Соғыстан кейінгі кішігірім шахтерлік ауыл. Қазақстанның Вавилонына арналған бұл ауылда әр ұлттың өкілдері тұрады. Әр қайсысының өз тарихы мен өз хикаясы бар. Соғыстан кейңнг шаруашылықты қалпына келтіру және космополит науқанының қызу кезеңінде күнделікті ауыр тіршілігімен күн көріп жатқан үлкендер әлемінде бір кішкене бала бар. Фильм әкесін аш- жалаңаш жапон әскерлерін үйіне шақырып, тамақтандырғаны үшін екі жылға түрмеге жауып тастаған Ескеннің хикаясы. Оның ішкі жан дүниесі, қоршаған ортаға, айналасындағы болып жатқандарға деген көзқарасы, өзіндік ой- тұжырымдары, өмірдің қиын сәттерімен бетпе- бет келуі, алғашқы махаббатын баяндайды. Осыншама қиындықтың, қатал шындық пен ауыр өмірдің ішінде бір керемет нәрсе бар: ол Ескеннің аккордеонда ойнай білуі.