Жаңа ән: “Күзгі бақ“

“Күзгі бақ“ 1) Құстар қайтып жылы жаққа, сары күз келген, Күтуші едің біздің бақта, жылы жүзбенен. Барымсыз деп-ең, Жанымсыз деп-ең, Қош айтысып қайда кеттің таңым іздеген. Жаным біз деген, Бағым сізбенен, Жүрегімде сөзің қалды, “жанымсыз“ деген. 2) Мен келемін күзгі бақты жалғыз аралап, Сен кеттің бе өзге жаққа, жанды жаралап. Күйге балаған, Сый деп санаған, Жүрегімде көзің қалды, “қимай“ қараған. Сүйеніп келем, Күйемін неден? Жүрегімде сөзің қалды, “сүйемін“ деген. 3) Енді жоқсың сен жанымда қимаймын деген, Ұмыта алмай мен өзіңді, қиналып келем. Сүйемін деген, Күйге елеңдеп-ем, Жүрегімде сөзің қалды, “сүйгенім“ деген. Сүйемін деген, Күйге елеңдеп-ем, Жүрегімде сөзің қалды, “сүйгенім“ деген. Сөзі: Әні: Жанар Ешназар
Back to Top