Шииттік (шиа) – Ислам дініндегі екі үлкен бағыттың бірі. Шииттіктің қалыптасуы туралы ғалымдар арасында көптеген пікірлер бар. «Шиа» араб тілінен аударғанда «жақтас», «көмекші», «партия» және «фырқа» (топ) мағыналарын береді. Термин ретінде «шиа» хазіреті Мұхаммед пайғамбар ﷺ қайтыс болғаннан кейін хазіреті Али мен ұрпағының имамдық (халифалық) үшін ең лайықты кісілер екенін және мұның қасиетті мәтіндер (Құран және Сүннет) арқылы бекітілгеніне сенетін қауымға берілген есім болып табылады. Бұл бағыттың қазір