Экономикасы белді, қайнар қуаты жеткілікті, жоспары мен бес қаруы сай елдер мұнайдың бағасы, өзге де сыртқы геосаяси сондай-ақ табиғи факторларға төтеп бере алады. Тек біз сияқты елдер ғана қара алтынның бағасы мен әлемдік нарықтың қас қабағын бағып отырады. Себебі тәуелді. Доллардың бекуі, мұнайдың арзандауы тағы да осал екенімізді көрсетіп отыр. Сарапшылардың пікірі бұл.
2019 жылы экспортталатын өнімдердің құны 5 пайызға өссе, сырттан келетін импорттық тауарлар бағасы 8 жарым пайызға қымбаттаған. Яғни сыртқы ортамен алыс берісте шығынымыз артып отыр. Экспортқа қарап телмірмей өзіміз өнім өндірмесек халықаралық нарықтағы жағдай құбылған сайын бас шайқап бармақ тістеуге тура келеді дейді білетіндер. Сыртқы факторларға тәуелді болмас үшін қайтпек керек?
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан