митова Салтанат

Әмитова Салтанат - Радиотехника факультетiнiң 4 курс студентi. Ақтөбе қаласынан, 20 жаста. “Ғибрат“ ұйымының беделдi мүшесi. “Университетке түскелі өмірім күрт өзгерді. Көп достар таптым. Домбыраға қызығушылығым ашылып, 1-курстан бері бірнеше күйді игердім. Спорттан да жан-жақтымын. Әрине, кәсіби тұрғыда емес, бірақ суда жүзуді, футбол ойнауды қатты жақсы көремін. Воллейбол жарыстарына жібермей қатысамын. Бір сәт тыныштықта қалғанда өлең шығаратыным тағы бар. Алдағы уақытта анам екеуміздің өлеңдерімізді жинап, кітап шығарсам деген ойдамын“, - дейдi Салтанат. Мақсаты – ата-анасының үмітін ақтау, университетті жақсы бітіріп, байланыс саласына өз үлесін қосу. Салтанат инабатты, ақкөңiл, жан-жақты қыз. Әр iсiне жауапкершiлiкпен қарайды.
Back to Top