АЛҒА БАСУ - ДВИЖЕНИЕ ВПЕРЕД! Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын мерекелеу аясында 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер

АЛҒА БАСУ - ДВИЖЕНИЕ ВПЕРЕД! Мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын мерекелеу аясында 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай “Алға басу - движение вперед!“ қайырымдылық жүгірісі өтті. Шара мақсаты – Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау және спортқа баулу, «ДОМ» қайырымдылық қорына қолдау көрсету. Қандыағаш қаласының А.Қалиев жəне Жамбыл көшесінің қиылысынан бастау алған жүгіріске мемлекеттік қызметте еңбек етіп жүрген қызметшілер қатысты. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ғалым Қобландин құттықтады. Жүгіріс қорытындысы бойынша ерлер арасында Асылбек Қоңыратбаев топ жарса, екінші орынды Ұлан Тлеубаев, үшінші орынды Ақылбек Қалиев иеленді. Қыздар арасында Жадыра Кенжебаева үздік шықты. Екінші орын Эльмира Жанесова, үшінші орынға Амангүл Үрістемова табан тіреді. Жүлделі мәреге жеткен жеңімпаз қатысушыларға сәйкес дәреже бойынша аудан әкімі тарапынан диплом мен сертификаттар табысталды.
Back to Top