Ақ дидарың-ай сенің ақ дидарың,
Өзге жанға өзіңді мен қимадым,
Саған арнап талай-талай жыр жинадым,
Сені аңсап мен ғашық көп қиналдым,
Ғашық жанды, неліктен, сен қинадың???
Жас жанарың-ай сенің жас жанарың,
Бір өзің ғой менің де аңсағаным,
«Сүйемін»деп, айтуға мен жасқанамын,
Жасқанамын,
Сондықтан да тәуекелге баспағаным,
Күтемін ғой бар ма еді басқа амалым???
Ерке күлкің-ай сенің ерке күлкің,
Ішім түтін, болғанымен сыртым бүтін,
Еркелетсем сені бір, ерке сылқым,
Махаббат болса егер, бір-ақ жұтым,
«Сүйемін» деп, айтармын саған бір күн...
Асыл бейнең-ай, сенің асыл бейнең,
Қиылған қас, қыпша бел,
Періштем-ай менің сүйген,
Арманыма ұқсап-ең,
Жүректен ерек орын алды, АҚҚУ бейнең,
Келбетіңе тәнті боп,
Әлдеқашан мен ғашық басымды игем...
Атыңды сенің-сай қылғандай көркіңе,
Білмеймін, бұл махаббат өрті ме,
Не дегенмен, бұл күнде мен, күюдемін,
Сол қыз жаққан махаббат алау өртіне...