Ең көп жалақы Атырауда екені рас па?

Дәл қазір еліміздегі орташа жалақы 191 мың теңге болыпты. Бұл мамандардың келтіріп отырған статистикасы. Ранкинг.КЗ талдау орталығы өңірлердегі орташа жалақы көлемін 3-ші тоқсанда былай деп түзген екен. Ең көп жалақы Атырау облысында – 361 мың тг. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы – 308 мың және үштікті 297 мың теңгемен Маңғыстау облысы түйіндейді. Ал ең аз орташа жалақы Түркістан облысында екен. 123 мың теңгеге жуық. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top