Ескі де жаңа үкімет

Ескі үкімет есіркеп, жаңа үкімет жарылқасын. Сайлаудан соң заңға сәйкес қазіргі министрлер кабинеті отставкаға кетіп, жеңімпаз партия жаңасын түзуі тиіс. Бұл процеске қол жеткен мандаттық үлесіне сай мәжіліске өткен фракциялар да араласады. Апта басы президент үкімет отставкасы ақында аңдатпа жасады. Ізінше мәжіліс қалыптасқанша міндеттерін атқара тұрады деді. Кетіп бара жатқан премьер-министр мен оның командасына рахмет айтып, келетін жаңа құрамға сәттілік тілеуіміз керек еді. Бірақ Үкімет тараған жоқ, премьер-министр отставкаға кеткен жоқ. Қалсын деп, әуелі елбасы ұсыныс айтты, ал су жаңа мәжіліске президент Асқар Маминді алып келіп, оның кандидатурасын ұсынды. Демек сол командаға сенім артылмақ. Енді ескі де жаңа үкімет деп айдарланған Маминнің министрлер кабинеті не тындырды деп қайыра салмаймыз, не тындырмақ деген жаңа сұрақ қойылады. #1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан
Back to Top