Ата-анасынан ерте айырылған Құрмашты нағашы ағасы Аханқұл бауырына басады. Фильмде Құрмаштың көрген қиындықтары, оның ағасы Аханкұлдың қаталдығы, әжесінің мейірімі, Құрмашқа пана болған Хасеннің тағдыры айқын бейнеленген.
Фильмнің бас кейіпкері Құрмаш қасқыр бөлтірігін асырап, оған “Көксерек“ деп ат қояды. Бөлтірік шамалы есейген соң ауылдың маңына келген өз қандастары - қасқырлардың исін сезіп, солармен бірге қашып кетеді.
Құрмашты Көксерек қауып алады, жара жазылмастан Құрмаш қайтыс болады.
Фильмнің басында Октябрь революциясына дейінгі қазақ даласында болған оқиға деген титр болады. Фильм мазмұнында кедей таптың байлардың соққысына соғылғандығын және тап арасындағы әділетсіздікті көрсетуге тырысқан.