Бүгінде не көп? Тұрғын-үйлердің мәселесін шешуі тиіс мемлекеттік бағдарламалар көп. Солай ғой? Әсіресе өңірлерді жанғыртуға бағытталғандары жетіп артылады. Алайда, олар саны бар, сапасы жоқ дүниеге айналып бара жатқандай. Өйткені қағаз бойынша бәрі жоспарға сәйкес жүзеге асып, халықтың пайдасына жарап жатыр әйтеуір, ал шын мәнісіне келгенде картина мүлдем басқа. Мәселен, арнамызға хабарласып, шағымын жеткізген жезқазғандықтар соның айқын дәлелі. Мемлекеттік бағдарламамен үйлері жөндеуден өтуі керек болған екен. Бірақ жауапты компания керісінше басы бүтін баспананың астаң-кестеңін шығарып кетіпті. Оған қоса, жасаған жұмыстары үшін 60 млн теңге талап етіп отыр. Ашынған жұрттың базынасын тілшіміз тыңдап қайтқан еді.
#1tvkz #смотримвместе #жаңалықтар #бастыжаңалықтар #Қазақстан
Телеграм топ - Ең рейтингілі және бүкіл ел күтетін жаңалықтар!