«Qonaqjai Elim»

Қазақстанды мекен ететін халықтар, олардың салт-дәстүрімен таныстыруды жалғастырамыз. Кең байтақ еліміздегі әртүрлі этникалық топтардың өмірін суреттейтін «Qonaqjai Elim» интернет-жобасының бүгінгі шығарылымы түрік ұлтына арналады. Елбасы айтқандай «Бірлік - баға жетпес басты байлығымыз». Расымен де бірлік бар жерде тірлік бар. Осы нақылды берік ұстанудың арқасында біз бүгінде тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ тұтас халыққа айналдық. Түрік халықтың Қазақстандағы тарихы ХХ ғасырдың 20-жылдарынан тамыр тартады. Қазір елімізде қанатын кеңге жайған бұл ұлт өкілдерінің саны 100 мыңнан асады. 90-жылдардың басындағы жаппай көшіп келу кезінде түріктер Қазақстанға ең жиі қоныс аударған халық болған екен. Статистикаға сүйенсек, республикамызға ең көп көшіп келген 25 ұлт ішіндегі алғашқы орын қазақтармен қатар түріктерге тиесілі. Бүгінде елдегі барша іс-шараға белсенді түрде атсалысатын Қазақстанда тұратын түрік ұлты өздерінің мәдени құндылықтарын барынша сақтайды. Біздің ұжым мәдени өмірі мазмұнды түріктердің үй
Back to Top