Ойжұмбақ 2: Ресми трейлер

Қазақстанда прокатқа шығарылатын күні: 2024 жылдың 14 маусымы. Disney және Pixar студияларының «Ойжұмбақ 2» анимациялық фильмінде көрермен бой жетіп қалған Райлимен қайта қауышады. Кейіпкердің санасында күтпеген жерден пайда болған жаңа эмоцияларға орын босату үшін Бас бөлімде күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Кейіпкердің эмоциялық жағдайын бұрыннан басқарып келе жатқан Қуаныш, Қайғы, Қорқыныш пен Жиреніш күтпеген жерден жаңа сезім – Мазасыздық пайда болған кезде не істерін білмей абдырап қалады. Оның үстіне жаңа эмоция жалғыз келмеген секілді. Режиссёр Пит Доктер мен продюсер Джонас Ривераның 2015 жылы шыққан бірінші «Ойжұмбағы» үздік толық метражды анимациялық фильм ретінде екі бірдей жүлде – Оскар»®️ мен «Алтын глобусқа»®️ ие болды. «Ойжұмбақ 2» / «Головоломка 2» эмоцияға толы шытырман оқиғасы кинода 2024 жылдың жазынан бастап көрсетіледі! #Головоломка2 #Мультфильм2024 #Трейлеры2023 #новыемультфильмы #мультики #дисней #пиксар #скоровкино #чтопосмотреть #чтовкино #мультфильмы #новыетрейлеры #фильмы #кино
Back to Top