ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 4 АДАМ ҚЫЗЫЛ ЖАЛЫННЫҢ ҚҰРБАНЫ БОЛДЫ

Күн сайын төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жеке тұрғын-үй секторын аралап, тұрғындарға ескертпе парақтарын таратады. Бұл қарапайым қағаздың бетінде өрт оқиғасын болдырмау үшін қандай шаралар қолдану қажеттігі жазылған. Алайда, кейбір қалалықтар сақтық ережелеріне мән бермейді. Салдарынан облыс орталығында қайғылы оқиғалар тіркеледі. Бірінің үйі, дүние-мүлкі өрттенсе, енді басқалары туыс-жақындарынан айырылды. Биылдың өзінде Петропавлда тілсіз жау 4 үйді шарпып, 4 адамның жанын құшты. Оның 2-уі бала. Айта кету керек, өткен жылдың алғашқы 10 күні ішінде 8 үй өрттеніп, адам өлімі тіркелмеді.
Back to Top