Ким Чен Ын алғаш рет Ресейге сапарлап келді

24 сәуірде Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын алғаш рет Ресейге сапарлап келді. Ким екі ел шекарасындағы Хасан станциясына Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінен бір күн бұрын барды. Хасанда Ким Чен Ын 1986 жылы әкесі СССР-ге келерден бұрын салынған, “Ким Ир Сеннің үйі“ деген атпен танымал орыс-корей достық үйіне барды. Мұнан соң Ким Путинмен кездесу өтетін Владивосток қаласына жүріп кетті. Путин мен Ким Владивосток қаласында ертең, 25 сәуірде кездеседі. “25 сәуірде өтетін келіссөздің негізгі тақырыбы Корей түбегіндегі ядролық қару мәселесін дипломатиялық және саяси жолмен шешу болмақ“ деп мәлімдеді 23 сәуірде Кремль өкілі Юрий Ушаков. Оның сөзінше, соңғы кездері түбектегі жағдай “реттелген“. Ушаков “бұған Солтүстік Кореяның ядролық қаруды сынауын доғарып, полигонды жабуы ықпал етті“ дейді.
Back to Top