«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары анықталды.

«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары анықталды. Осымен биыл 4-рет ұйымдастырылып отырған байқауға 3 мыңнан астам адамнан өтініш түскен. Оның ішінде 30 адам халықтың тарапынан көп дауыс жинап есімдері паш етілді. 7 бағыт бойынша дара шыққандарды Президент құттықтады. Жиырмадан асқан Дамир Нүркежанов жас болса да Талдықорған қаласындағы future IT робототехника мектебінің негізін қалады. Бұл мектептің миссиясы – болашақта сұранысқа ие мықты IT мамандарын даярлау. Мектепте білім алып жатқан жас жеткіншектер 2 жылдың ішінде 11 рет робототехникамен айналысатындар арасындағы республикалық олимпиадалардың жеңімпазы атанып және бағдарламалау бойынша бірнеше мәрте халықаралық байқаулардың жүлдегерлері болып үлгерген.
Back to Top