Еуропалық саяхатшы Джон Кэстль 1736 жылы Әбілқайыр хан ордасына сапары және естеліктері мен суреттері!
(“Қазақтар Бірiн-бірі алғаш көргенде қалай сәлемдесетінін де былайша баяндайды:
«Қазақ халқы кездескенде екі қолын ұстап, төс қағыстырып сәлемдеседі. Сонда біреуі «Ассалаумағалайкүм!» десе, екіншісі «Уағалайкүмсалам!» деп жауап қайырады. Ал әйелдер болса, өздерінің жақын туысы болған ер адамдарға ізеттілікпен сол тізесін бүгеді де, оң тізесінің үстіне екі қолын қойып, жоғарыдағы сөздерді айтады».“)
*******
Ағылшын арестократтарының сәлем етуі!
Қазақта еркектер төсті екі қолды екі жаққа жайып түйістіреді, қазіргідей құшақтамайды, ал әйелдер қайынаға, аталарына қазіргі Адай келіндерінің сәлемін етеді. Еуропаға келін сәлем салу дәстүрі Массагеттермен барған болар ! Таң қалатын ештеңе де жоқ, меніңше ! Қайта осы дәстүрдің біздің жақтан басталатын дәлелдеп, олардың көздерін жеткізу керек. Олар да тек король отбасы, ал бізде бүкіл халықтық дәстүр.
(c) Жамбыл Артыкбаев Оңтүстік Қазақстан аймағы!