Made in KZ - Жұмыр Қылыш (Махамбет)

“Жұмыр, Қылыш“ күйінің шығу тарихы. Исатай өлгеннен кейін жалғыз қалған Махамбет тағы да күш жинап, ханнан кегін алу үшін Жайық бойындағы Байбақты еліне барады. Ол жақта Жұмыр (шын аты Садыр) және Қылыш деген батырлармен кездесіп, жолдас болады. Жасырынып жүрген, жанына екі батырды еріткен Махамбет Байбақты ауылының төрелерімен отырған Баймағамбет Айшуақовтың үстінен түседі. Баймағамбет сұлтан Махамбетті ұстауға әрекет жасайды. Сол кезде Жұмыр мен Қылыш оны арашалап, ұстатпай, топтан аман алып кетеді. Махамбет осы оқиғаға байланысты «Жұмыр – Қылыш» күйін екі батырға арнаған деседі. ___________________________________________________________________________
Back to Top