Сен жыладың, жігітім,
Көп көрдім деп тұрмыстың тапшылығын,
Қайтпады деп,
Жұртқа еткен жақсылығың.
Сен жыладың,
Бір қатты соққы алдым деп,
Бақытсыз болып қалдым деп.
Жә, жә, жарар,
Өткен күн оралар ма,
Қарау керек, бауырым, саған алға,
Басыңдағы бөрік пе, орамал ма?
Кім айтты саған?!
Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп,
Ақ көйлек кірлемейді деп,
Қара ешкі мүжіген ағаш қайтадан гүлдемейді деп.
Жігітке арман жеткізіп пе еді,
Өз сорын өзі жеңбесе.
Өмірдің барлық сәтсіздіктері
Бақытсыздық емес, ендеше !!!
172 views
1186
307
10 months ago 00:01:28 1
Жігерлендіру…Көтер қане басыңды… Мұхтар Шаханов
2 years ago 00:00:13 11
Жігерлендіру. Сен жыладың жігітім.
3 years ago 00:02:13 1
Менің Отаным- Тәуелсіз Қазақстан
4 years ago 00:10:17 71.6K
Жігерлендіру
4 years ago 00:03:17 11
Мұхтар Шаханов - жігерлендіру, оқыған: Алмасбек Қамшыбек