Ауыл халқына сапалы медициналық көмек көрсетілуде

Қостанай облысының Свердлов ауылындағы дәрігерлік амбулатория заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. Мұнда тіпті Ресейдің шекаралас елді мекендерінен келіп, емделіп жатқандар көп. Шалғай ауылдағы шағын емдеу мекемесінде жоғары білімді жас мамандар жұмыс істейді. Ләззат пен Рақымжан Тәжібаевтар 3 жыл бұрын осы жерге шақыртумен келіп, тұрақтап қалған. Рақымжан мен Ләззат -- Қарағанды медициналық университетінің түлектері.
Back to Top