📝: Бауыржан Шермиденұлы
🎤: Нұркен Нұғман & Қалымхан Айболат
«ҚАРЫНДАСҚА»
Қарындас, кеудеңді жап, кеудеңді жап,
Қарағым, көрме ақыл бергенді жат.
Шет елде шаруам жоқ аша берсін,
Қазақтың қызысыңдар сендер бірақ.
Қарындас, саныңды жап, жап саныңды,
Саныңды ашу асырмас тап сәніңді.
Сұрқия сәнге тіпті қимаймын мен,
Өзіңдей тәрбиелі, жақсы аруды!
Қарындас, сосын жапшы етегіңді,
Етек ашып көрсетпе бекер үлгі.
Етегің төмен болса дәлелдейсің,
Намысы жоғары қыз екеніңді.
Қарындас, кіндігіңді, беліңді жап,
Ұрпаққа ұя болар жеріңді жап.
Ұрпақ қамын ойласаң осы күннен
Жағаңды жыртып жұлмас жеңіңді жат.
Қарындас, шашыңды да жасыр жауып,
Жасыр, саябырсиды сосын қауіп.
Ұятын, сыйын сақтап қалам десе,
Орамал сауғаласын басың барып.
Қарындас, ауызды да жабу керек,
Айдаһар емес ерге, ару керек.
Еркектер қалу үшін еркек болып,
Әйел де әйел болып қалу керек.
Ағаңмын - мен сенің жанашырың,
Жаңағы ақылымды ал, асылым.
Бәрін де жап, ал егер ашқың келсе,
Бағын аш бір қазақтың баласының!
49,557 views
452
136
1 year ago 00:02:48 0
Made in KZ - Sway (dombyra cover)
2 years ago 00:56:43 2
Мирас & Назима - ҚЫЗЫҚ TIMES | Су жаңа дуэт | Мирас Жугунусов Nazima Таптым | Қызық Live
4 years ago 00:02:25 1
100 ОПТОВИКПЕН ДАЙЫН БИЗНЕС БАСТАП 300 000 тг ТАБЫС ТАП
4 years ago 00:07:20 4
Видеорепортаж. «Анаға сәлем» халықаралық әйелдер күніне арналған концерт
6 years ago 00:15:02 0
Тоқаев министрлерді Назарбаевтың келісімімен ғана тағайындай алады