Ислами ренессанс #2: Әл-Хайсам - Оптиканың атасы || Көз қалай көреді?
КӨЗ ҚАЛАЙ КӨРЕДІ?
Ежелгі грек ғалымдары көзден шыққан сәуле затқа барып шағылысу нәтижесінде оның бейнесі көзімізге көрінеді деп ойлаған. Салыстырмалы түрде шам жарығын (фонарик) еске түсіріңіз. Яғни грек ғалымдарының тұжырымынша көзден дәл осылай жарық сәулесі шығады. Бұл қате тұжырым. Себебі жарық шамсыз қараңғы бөлмеге кірсеңіз, көзіңізге ештеңе көрінбейді.
Көз сәуле шығармайды, керісінше сәуле қабылдайды. Жарық сәулесі қандайда бір затқа барып шағылысады да, оның бейнесі көзімізге сәуле арқылы енеді. Сәйкесінше миымыз бейнені өңдейді. Көзіміздің көру процесі осылай жүзеге асады. Бұл гипотезаны алғаш түсіндірген әрі индуктивті эмпирикалық бақылау арқылы дәлелдеген адам - Ибн Әл-Хайсам есімді мұсылман ғалымы!
Халиф Әл-Хаким Ніл өзенінің тасуын тоқтату үшін Әл-Хайсамды жауапты етіп тағайындаған. Алайда ол бұл мәселені шеше алмағаны үшін түрмеге қамалған. Қараңғы түрмеде отырып өзінің гипотезасының жауабын тапқан. Қабырғадағы тесіктен түскен сәуле арқылы даладағы ғимараттың кескіні көрінеді. Яғни кескіндер сәуле арқылы көзімізге енеді де бейне пайда болады.
Әрі қарай өзінің эксперименталды қараңғы бөлмесін жасап, көздің көру құпиясын ашады. “Китаб әл-Манозири / Оптика кітабы“ атты еңбегін жазады. Оның кітабы латын тіліне 13 ғасырда аударылады да, Әлхазен есімімен бүкіл Еуропаға танымал болады. Сол себепті оны оптиканың атасы деп те атайды. Оның еңбектері Роджер Бэкон және Иоганн Кеплер секілді ғалымдарға үлкен ықпал еткен. 1935 жылы Халықаралық Астрономиялық Қауымдастықтың бұйрығымен айдағы Әлхазен кратері оның құрметіне есімімен аталған.
Әбу Әли әл-Хасан ибн әл-Хасан ибн әл-Хайсам (965-1039) – араб математигі, физик, механик және астроном болған мұсылман ғалымы. Ол 965 жылы Басра қаласында туылып, 1039 жылы Каир қаласында өмірден озған. Сәуленің шағылысу заңы, Сәуленің сынуы заңы, Көздің құрылымын зерттеуі, Оптикалық линза секілді тақырыптар бойынша нақты ғылыми еңбектер жазып қалдырды. Заманауи оптиканың іргетасын қалаған Әл-Хайсамға рақмет айтайық!
КІЛТСӨЗДЕР: Аль-Хайсам, Физика, Оптика, Математика, Ислам, Наука. #АльХайсам #ҚұранМұғжизалары #ИсламиРенессанс
1 view
600
195
2 months ago 02:45:58 1
Исламский мир в XII-XVI веках. От катастрофы к возрождению и расцвету.