7 жастағы Мария есімді бар-жоғы екі жыл ішінде жас қари атанды.

Британдық 7 жастағы Мария есімді бар-жоғы екі жыл ішінде жас қари атанды. Ол Құранды 5 жасында Сирия тұрғындарына керек-жарақ жинау қайырымдылық марафонына қатысқан сәтінен бастап жаттай бастаған. Марияның ең алғаш жаттаған «Ясин» сүресі болатын. Ал, бұдан кейін қасиетті Құранның соңғы жүзін түгелдей жатқа білетін болды. Ол күніне 5 сағат Құран жаттаумен айналысатын. Марияның анасының айтуынша, қызының жеткен жетістігі оны «әлемдегі ең бақытты ана» еткені қуантады. Қызының қасиетті Құранды жаттауға деген ықыласын жаңартып отыру үшін оған әр сүрені жаттаған сайын өзі қалаған сыйлығын жасап отырған.
Back to Top