ИНВАЛИДЫ ИНТЕРНАТА В КЫЗЫЛ-ОРДЕ ВЗЫВАЮТ О ПОМОЩИ И ПРОСЯТ ЗАЩИТИТЬ ОТ ПЕРСОНАЛА!

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза, Қызылорда қаласы Талсуат елді мекенінде орналасқан “нөмері 2-ші Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының“ қызмет алушылары шарасыздан өзіңізден араша сұрайды! Аталған мекеме жайлы бір емес бірнеше рет мәселе көтергенмін. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мырзаға бағыттап, “СОБЕС“ басшысы Ғабит Жаңабаевқа шара көруін де сұранғанбыз. Қимастай туысы болмаса да, бұрын бірге жұмыс істеген соң ба, әйтеуір былқ етпеді. #ТамараДүйсенова ханым, аудан әкімінің үйіне барғанша, аралап өткен оңалту орталығының науқастарымен жүздеспедіңіз бе? “Көмектесіңіздерші!....Келіп бізден сұраңыздаршы, жеркенбей, бәрін айтып береміз“, деп шырылдаған қызмет алушылардың жан-айқайына құлақ асатын жан бар ма мына әлемде? Психикалық ауытқуы бар, деген сылтаумен сенімсіздік танытасыздар ма? Бірақ ол мекемеде физикалық ауытқуы бар жандар да қызмет алуда! Бәлкім, расында жеркенетін боларсыздар? Онда мен барайын, көрейін, сұқбаттасайын! Араша сұраған мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын соза алмасаңдар шеттеріңнен орындарыңды босатыңдар! Жанталасып депутаттыққа үміткер болғандар, “ваш выход“ !!!! Көрсетіңдер елге қызмет ететіндеріңді!!! Қит етсе “дәрі саламыз“, деп үрейленген жандарға қалай көмек беруге болады, ағайын? Жүрегім езіліп, қан жылады ау... Онсызда өмір тәлкегіне ұшыраған жандарға қорған бола алмаймыз ба? Шұғыл әрекет етіп, министрліктен барған тексеру не көрді? Қандай шешім қабылдады? Бірақ, оның да қорытындысы менде бар, “учасковый кінәлінің“ қасы. Тексерушілерге айтарым, құжаттарды ғана қазбалаудан аулақ болыңыздар, онда бәрі “керемет“! Облыстың атағын шығармайық, деп жанталасқанша, облысқа кір келтірмейік, деп ұрандатыңдар, құрметті ақжағалылар! Құрметті Нұрлыбек Нәлібаев мырза, сізге осы оңалту орталығы бойынша соңғы өтінішім болсын, шұғыл аталған мекемеге тәуелсіз тексеру жіберіп, мәселенің шешімін табыңыз, сіздің тікелей міндетіңіз! Еш болмағанда Рамазан айында тек жақсы істермен айналысайық! /барша құзіретті мекемелерді тектеулеріңізді сұранамын, репост ағайын!/ Janar Nurimbetova
Back to Top