Өзбек, тәжік, қырғыз өз еліне қайтқалы бізде жұмысшылар тапшы
Қазақ-жалқау десе, жақтырмаймыз. Бірақ ауыр жұмыстан қашамыз. Тепсе темір үзетін жігіттеріміз күзетші боп жүр. Сөйте тұра, өзімізше өзбекке мұрнымызды шүйіреміз. Өтірік емес қой. Енді міне, дәл карантин уақытында сол өзбек, тәжіктің жоқтығы білініп қалды. Қазір бизнесмендер, сенесіз бе жұмысшы таба алмай кәсіптерін жауып жатқан көрінеді.
Интернетте «бизнесімді сатамын» деген сарындағы хабарламадан көз сүрінеді.
Жұмыс бар дейді, жұмысшы қат. Қырғыз, тәжік, өзбектің 3 мыңға жасап беретін қызметіне қазекем 2 есе, тіпті 3 есе артық тиын сұрайды. Бермесең, істемейді де, жұмыс жоқ, ақша жоқ, кредитім бар еді, қайтіп төлеймін, Үкімет қайда қарап отыр деп өздері отыра береді! Әрине, бәріне бірдей топырақ шашпаймыз. Бірақ бұлай айтуымыз да жай емес.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан