Мейрамбек Беспаев

«Алладан басқа жоқ Тәңір, Мұхаммед - оның елшісі». Соны айтып жаннат баққа кір Иманың жанның - емшісі. Болуы қиын Хаққа құл Ібіліс болса көршісі. Адамның бәрі жатбауыр Заманның жалған кем тұсы. Жер бетіндегі көп қабір - Адамның алған еншісі. Құлдың да құлдан несі артық? Нәпсісін түгел тыйса артық Зікір ғып Хақты ішінен, Иманың кәміл жыйса артық Разы боп қылған ісінен, Раббыңның өзі сүйсе артық Жәннаттан бір жай күтіп ең, Кірерсің сонда күй шалқып. Анаңның аппақ сүтінен Жұмақтың жұпар иісі аңқып. Ғибадат
Back to Top