Ислами ренессанс #3: Әл-Баттани - Аңыз адам || Коперниктің атасы ма?
✅ ИСЛАМИ РЕНЕССАНС #3: ӘЛ-БАТТАНИ – АҢЫЗ АДАМ
Птолемейдің “Алмагест“ трактатындағы есептеулерін нақтылап, қателерін түзеген және оған жаңа астрономиялық идеяларды енгізген аңыз адам кім екенін білесіз бе? Ол сақиналы күн тұтылуын түсіндіріп, жердің еңкеюін нақты есептеп, жылдық мерзім мен күн мен түннің теңесуін дәлме-дәл есептеген. Оның еңбегінің нәтижесінде Николай Коперник гелиоцентрлік күн жүйесі идеясын жасаған. Оның есімі “De Revolutionibus Orbium Coelestium (де револютионибус орбиум коелестиум)“ кітабында 23 рет аталған. Оның жасаған астрономиялық кестесі григориан күнтізбесінің қалыптасуына алып келген. Бұл аңыз адамның есімі - Әл-Баттани.
Әбу Абдаллаһ Мұхаммед ибн Жәбир ибн Синан әр-Раққи әл-Харрани әс-Сәби әл-Баттани – 858-929 жылдар аралығында өмір сүрген астроном, математик болған ұлы мұсылман ғалымы. Оның «Китаб әз-Зидж» атты еңбегін 1134-1138 жылдары италяндық астроном Платон Тибуртин латын тіліне аударған. 1537 жылы Нюрнбергте жаңа нұсқада қайта аударылған. Ал “Де револютионибус орбиум коелестиум“ кітабы 1543 жылы Коперниктің өлімінен кейін жарияланған. Себебі Коперник инквизициялық шіркеу сотынан қорыққан. Әл-Баттанидің астрономиялық кестесіне негіздей отырып неміс математигі Кристофер Клавиус григориан күнтізбесін реформалайды. 1582 жылы 24 ақпанда ресми түрде Григориан күнтізбесі қолданысқа енді.
Ол геометриялық есептеулерде синустар мен тангенстерді қолдануды енгізген. Тихо Браге, Иоганн Кеплер, Галилео Галилей, Эдмунд Галлей секілді ғалымдар Әл-Баттанидің еңбектерін өз зерттеулерінде пайдаланған. Осылайша Еуропалық астрономияның дамуына үлкен ықпал еткен, тіпті Еуропадағы ғылыми ренессанстың қозғаушы күшіне айналған. Бүкіл Еуропаға Әлбатегниус есімімен танылған. Оның құрметіне айдағы кратер және кіші планета 9910 астероиді есімімен аталған. Еуропадағы ғылыми төңкерісті бастаған Коперникті “астрономияның атасы“ деп атайды. Ал Коперниктің өзі Әл-Баттаниға қарыздар екенін ескерсек, онда Әл-Баттаниді ресми марапатталмаған астрономияның атасы деуге толық хақымыз бар. Осы аңыз адамға рақмет айтайық!
КІЛТСӨЗДЕР: Аль-Баттани, Физика, Оптика, Математика, Ислам, Наука. #АльБаттани #ҚұранМұғжизалары #ИсламиРенессанс
1 view
596
170
3 months ago 02:45:58 1
Исламский мир в XII-XVI веках. От катастрофы к возрождению и расцвету.