КИІК АУЛАҒАН АҢШЫЛАРМЕН СҰҚБАТ - ЭКСКЛЮЗИВ

Бұл сұқбат “киік өндірісі“, ақбөкеннің қалай ауланғаны мен оны өнім ретінде пайдалану жайында. Киікті тормен аулаған кәсіпқой аңшы Рүстем Балқабеков және киік атушы топ құрған кәсіпқой аңшы Жанболат Ақсалов Қазақстандағы қазіргі киік жануарын аулау алгоритмін алғаш рет ашып айтады. Бұған дейін жабық тақырып болып келген киік аулау процесін, ондағы проблемаларды жариялаудағы мақсатымыз - киік мәселесін оңтайлы шешуге әсер ету, кеш қалмай тұрып кемшіліктерді реттеуге септігімізді тигізу. #ақбөкен #киік #sosaqboken #sarapshyinfo
Back to Top