Қазақ киноматографиясында тағы да бір қысқа метражды фильмнің тұсауы кесілді. «Саз махаббат» деп аталатын фильмнің жақында Алматыда жабық көрсетілімі болып өтті. Туынды 90 жылдардағы аумалы-төкпелі кезеңді қамтиды. Осы бір қым-қиғаш жағдаймен қатарласып мүсіншінің махаббаты сынға түседі. Басты кейіпкер Болаттың рөлін елімізге танылам кино актері Азиз Бейшеналиев сомдайды. Толығырақ тілшіміз Тойгүл Нұржанқызы дайындаған бейнематериалдан көруді ұсынамыз.