Шағбан айы мен Бараат түнінің құндылықтары - Ерсін Әміре Абу Юсуф |
8 мамыр (2016) күні Шағбан айы басталды. Бұл ай жайында Исламда нақты белгіленген үкім болмағанымен, оның өзіндік ерекше орны бар. Шағбан - баршама мұсылмандарға парыз болған Ораза айының босағасы. Келе жатқан Рамазан айын тиісті деңгейде қарсы алып, өткізуге рухани азық алатын ай.
Шағбан айыныда ерекше аталып өтетін оқиға - Алла Тағала кешірім сұраған пендесін кешіріп, мейірім сұраған пендесін Мейіріміне бөлейтін Бараат түні. Бұл түнді құлшылықпен өткізіп, бір ай бойы рухани тазалануға ерекше көңіл бөлген