Біз бүгінде ашық ақпарат заманында өмір сүріп отырмыз. Күн сайын толассыз келіп жатқан жаңалықтарды оқып, өз бетімізше ой түйеміз. Өкінішке қарай қазір жалған ақпарат таратып, елді дүрліктіріп, қоғамда қайшы көзқарастарды тудыруға тырысатындар аз емес. Көзі ашық, көкірегі ояу азамат ретінде әрбір ақпаратты саралап, ақиқатына көз жеткізіп, ой қорытуға дағдыланған абзал. Әйтпесе теріс пиғылды жандардың сөзіне еріп, күмәнді ойлардің жетегіне еріп кетуіміз әбден мүмкін.