ҚОНАҚТАР

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 23-шығарылым. Жазушы Төлен Әбдік «Қонақтар» әңгімесі Жазушы Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесі бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпаған үлкен әлеуметтік мәселені көтерген шығарма. Шығарма тақырыбының идеясы - ата-ана, ата-ана алдындағы бала парызы, туған жер, қара шаңырақ. Көтерген тақырыбы ауыр болғанымен, сөз орамдары мен айшықты сөздер еркін қолданылған шығарманың тілі жеңіл, оқушыны баурап аларлық сюжеттер желісі айқын.
Back to Top