Кінəлəп сені сөкпекпеймін күнім,
Алдыңа іздеп бармасам екен.
Ойламай сені өтпейді күнім,
Есіме мүлде алмасам екен.
Ауаның сенсіз жетпейтіндігін,
Ұғынып бір сəт ойласаң екен.
Жаныма келіп құшақтап бүгін,
Сүйем деп бір сəт алдасаң екен.
Мендегі мына сабырсыз мұңым,
Жарығым сенде болмаса екен.
Жырақта жүріп жабыққаныңда,
Дəл мендей жаның тоңбаса екен.
Сөреде тұрған естелік сурет,
Сөреде қалып шаң баса мекен.
Қоқысқа кетіп жансыз суреттер,
Жаңа жанменен алмаса ма екен.
Өмірдей мынау театрдағы,
Адамның рөлі алмасады екен.
Өмір жоқ деуші ем өзіңсіз гүлім,
Сенсізде бірақ жалғасады екен.
Авторы: Төлегенов Берік Айтбайұлы.
2,939 views
8986
3342
2 months ago 00:03:11 14
Әли Оқапов - «Сүйіктім» әні Л Жолдасов, сөзі С Дүйсенғазы