“А“ - ға оралу

Басқа атауы: Возвращения в “А“ Жылы: 2011 Ресей және Қазақстанның телевизиялық қызметкерлерінің жас, креативті тобы “Александр Македонскийдің жолдарымен“ деректі фильмін түсіру үшін Алматыдан Ауғанстанға жол тартады. Бұрынғы жауынгер-интернационалист, Ауғанстанда соғысып, сол жерде аяғынан айырылған Марат Аюмов оларды алып жүріп, қорғау үшін бірге барады. Ол парсы тілін жақсы меңгерген, жергілікті дәстүрлерді, салттарды, ауғандық “заңдарды“ біледі. Жүргізушінің қателігінен топ басқа жерге барып, қарапайым жұмыс сапары қауіпті оқиғаға айналады. Бірақ, кино түсірушілер жолсеріктің Ауғанстанға оралуға өзіндік себептері бар екенін білмеген еді.
Back to Top