Құран Кәрім хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ды хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның «Кәусары» деп санайды. «Кәусар» деген – көп жақсылық. Алайда шиіттер мен сүннит ғұламаларының көбі оның мағынасын хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның болмысы деп санайды. «Кәусар» сүресінің жіберілуі туралы былай деп айтылған: «Мүшіріктер Исламның ұлық пайғамбарын ұрпақсыз қалумен айыптағанда Құран олардың сөзін теріске шығарып: «Біз саған Кәусарды сыйладық»- деді. Алла елшісінің ұрпағы әлемге қызы арқылы таралды. Тәпсіршілер бұл сүренің пайғамбарға перзентсіз қалмайтынын және одан көптеген ұрпақтың таралатынын хабарлайтынын айтады. Құранның ғажайыптарының бірі осы.