Болат Жкебай

Өмірімді бастаймын деп, жаңашалап. Көңілімді мұң-қайғыдан арашалап. Мен өзіңсіз көп бардым Көк-Төбеге. Алматының түндерін тамашалап. Салқын желі сүйеді от денемді. Келмейтіндей оралып көктем енді. Сенсіз олда қалар-ау деп көңілсіз. Құшағыма бастым үнсіз Көк-Төбемді. Сырын ұқтым қайғылы Қаратаудың. Сағындырып Шөлдала барады ау тым. Сәлем жолдап Таразға Алматыдан. Бұлт көшірдім басынан Алатаудың. Солай жаным, өзімде өзен көңіл. Өксіп ақты өтпелі кезеңде бұл. Көрістірмей Таразбен Алматыны. Жібермедің, эйй қатал есеңді өмір. Болат Жөкебай
Back to Top