Нағыз коронавирус енді келді: ауруханаларда орын жоқ
Қазір нағыз коронавирус енді келді деп жатыр ел ішінде. Алайда сенбейміз, вирус жоқ деушілер де жоқ емес. Бірақ осы апта жоғарғы биліктегілердің жаппай жұқтыруымен айшықталды. Олар жұртты иландыру үшін әдейі осылай істеп жатыр деп жазғандарды да көрдік, ғаламтор беттерінен. Бір нәрсе анық. Елде осы дерттен 100 адам еріккеннен өлмесе керек. Әуелде қарт адамдарға қиын болады делінді, енді міне 32 жастағы жігіт бақилық болды. Оның сыртында ауруханадағы орын жетіспеушілігі, арнайы тыныс алдыру аппараттарының тапшылығы тәрізді тағы бірнеше түйткілге ұрынып отырмыз.
#1tvkz #смотримвместе #бастыбағдарлама #Қазақстан