Екі адам лото автоматын қиратты

Алматы облысының екі тұрғыны ойын автоматын бұзып ақша таппақ болған. Полицейлердің мәліметінше, бұрын сотталған 1988 және 1992 жылы туған екі ер адам Медеу ауданындағы бутикке кіріп, аппаратты бұзып, сол жерден 140 мың теңге ұрлап кеткен. Кәсіпкер келтірілген материалдық шығынды 336 мың теңгеге бағалаған. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктілер ұсталды. Олар ұрлық жасағандарын мойындады. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталғандардың жеке басы осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде. Айтпақшы, екі жігіт те бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған болатын. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді, Медеу аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Әбдінұр Тасыбаев. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады. ——————————————————————————— Лото-аппарат разгромили двое мужчин Поживиться, путем взлома игрового аппарата, планировали двое жителей Алматинской области. По сведениям полицейских, двое ранее судимых мужчин, 1988 и 1992 годов рождения, проникли в одноименный бутик, что в Медеуском районе, и, взломав аппарат, похитили оттуда 140 тысяч тенге. Материальный ущерб предприниматель оценил в 336 тысяч тенге. «При проведении оперативно-розыскных мероприятий подозреваемые задержаны. Они дали признательные показания по факту кражи. Данный факт зарегистрирован в едином реестре досудебных расследований по ст.188 ч.3 УК РК. Личности задержанных проверяются на причастность к возможным аналогичным преступлениям. К слову, оба молодых человека в прошлом уже имели судимости за совершение краж чужого им имущества. Сейчас они находится в изоляторе временного содержания», - сообщил начальник отдела полиции при УП Медеуского района полковник полиции Абдинур Тасыбаев. В соответствии со ст.201 УПК РК иная информация в интересах следствия распространению не подлежит. В соответствии с подпунктом 1 пункта 3 статьи 77 Конституции РК и частью 1 статьи 19 УПК РК, каждый считается невиновным пока его виновность в совершении уголовного правонарушения не будет установлена вступившим в законную силу приговором суда.
Back to Top