Video by Komek Demeukz

2023 жылдың 25 мамыр күні сағат 17:00-де «Тәтті себет» дүкендер желісінде қала тұрғындары мен жастарына, оның ішінде жұмыссыз жастар, ұйымдаспаған жастар, жеке кәсібін ашатын немесе кәсібін дамытушы жастар үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша және өзге де мекемелердің бос жұмыс орындарын ұсынымен «Бос жұмыс орындар» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге «Отбасы банк», «Халықты жұмыспен қамту орталығы», «Тәтті себет» дүкендер желісі, «Алель агро» АҚ, «Эксперт Плюс Коллекторлық агенттігі» ЖШС, «Гелиос» ЖШС сынды мекемелер бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеде жастарға «Жұмыспен қамту орталығы» 62 бос жұмыс орындарын ұсынды және18 жас мемлекеттік бағдарлама арқылы жолдама алуға жіберіліп,16 жасқа Отбасы банкінен 4 жасқа депозит шоты ашылып, 20 бос жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар «Гелиос» ЖШС Тараз қалалық филиалы 43 бос жұмыс орындарын, «Тәтті себет» дүкендер желісі 95 бос жумыс орындарын, «Алел агро» АҚ 53 бос жұмыс орынын, «Эксперт Плюс Коллекторлық агенттігі» ЖШС 50 бос жұмыс орынын ұсынды. Жәрмеңкеге 150-ге жуық жастар мен жергілікті тұрғындар қатысып, бос жұмыс орындар тізімін алды.
Back to Top