Аллаһ Тағаланың қахарына қалу деген осы !

Құран Бақара сүресі, 89-90 аяттар (89) Олардың қасындағы Тәуратты, растаушы Құран келген шақта, олар бұрын (ақыр заман пайғамбары арқылы кәпірлерге) үстемдік тілеген бола тұра өздерінің Тәуратта таныған (Мұхаммед Ғ.С.) келген заманда, қарсы шықты. Қарсы болушыларға Алланың лағынеті болсын.(Мединелік, Яһудилер, ақыр заман Пайғамбары келуден бұрын кәпірлерге: «Біздің дінімізді қостаушы Пайғамбардың келуі жақын» дейтін еді. Бірақ ақыр заман Пайғамбары Израил ұрпақтарынан болмағандықтан қарсы шықты.
Back to Top